ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Алдағы 3-4 жылдың көлемінде Қызылорда облысында жаңадан шығарылған күріш сорттары жалпы егістің 60-70 пайызын құрайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде Сыр өңірінде «Сыр сұлуы», «Ай-Керім» сорттары мемлекеттік сынақтан өткізілді. Соның нәтижесінде күріштің жаңа түрлерін шығару қолға алына бастады.
«Бұл сорттар аймақтың топырақ-климаттық жағдайына толықтай бейімделген. Сонымен қатар, өнім түзгіштігімен және дәндерінің ірілігі, шынылығымен ерекшеленеді. Сондықтан олардың өз нәтижесін беретінін уақыты келді», - деді Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Серікбай Өмірзақов.
Сондай-ақ, жергілікті ғалымдар арпа, бидай, жоңышқаның бірнеше сорттарын ойлап тапты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.