ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары өашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің білім басқармасына сілтеме жасап.
«Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беру ұйымдарындағы 0-4 сынып оқушылары үшін биығы 3 сәуірде қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз!
Айта кетейік, қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптары сабақты қашықтан оқитын болады.
Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!»,-делінген қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, кеше, 2 сәуір күні Қызылорда облысында күшті жел тұрып, бірқатар мекеменің шатырып жұлып әкеткен болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.