ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық құтқарушылар пәтерінде тайып құлап, жарақат алған 88 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік көмек көрсету қызметкері 88 жастағы қарияның пәтерінің есігін ашпай жатқандығы жөнінде 112 нөміріне хабарласқан.
Жедел құтқару жасағының мамандары дереу іске кірісті. Құтқарушылар үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірді.
«Құтқарушылар пәтер ішіне кіргеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталды. Қария ас бөлмеге кіре берісте аяғы тайып құлаған. Содан кейін өз бетінше тұра алмаған. Апаттар медицина орталығының қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қарияны ауруханаға жеткізді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.