ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мал іздеуге шыққан жігіт жолдан жаңылып адасып кетті. Жергілікті құтқарушылар оны ауылдан 22 шақырым қашықтықтан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен елді мекенінде болды. Ауыл тұрғыны 6 қазанда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып, содан үйіне қайта оралмаған. Бұл жөнінде ағасы Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасына хабарлады.
«Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен 1 автотехникасы жедел іздестіру шарасына кірісті. Қаракеткен елді мекенінен 22 шақырым қашықтықта орналасқан «Құлжан» фазендасынан жас жігітті тапты. Анықталғандай, ол мал іздеуге шығып, жолдан белгісіз бағытқа қарай кеткен.
Мәлім болғанындай, оқиға орнында аудандық полиция қызметінің 10 полицейі 3 автотехникамен іздестіру шараларына атсалысты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.