ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мал суаруға барған 62 жастағы адам канал суына батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында болды. Сол аумақтағы «Жасұлан» каналына мал суаруға барған 1959 жылғы азамат мұздың ойылып кетуі салдарынан каналға суға батып кеткен. Марқұмның жансыз денесін тұрғындар өз күшімен шығарып алған. Төтенше жағдайлар мамандары және полицияға кейіннен хабарланған.
«Біз тұрғындардан қысқы уақытта мұзда жүруде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздікке баса назар аударылуы қажет», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.