Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

 Биыл облыста үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда жіктеу разрядтарына сәйкес элементтерді орындау бойынша өнер көрсетуде.

 

Облыста алғашқы мәрте «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі ел чемпионатымен қатар өтуде. Жарыстарға бес жастан он жас аралығындағы 100-ден аса мәнерлеп сырғанаушылар қатысуда.

 

Жарыс ережесіне сәйкес бүгін спортшылар жіктеу элементі және қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетуде. Ертең еркін бағдарлама бойынша сайыстар басталады.

 

Чемпионат пен турнирдің жеңімпаздары 21 сәуірде белгілі болады. 

Соңғы жаңалықтар