Оны облыстық ішкі саясат басқармасы Қазақстан студенттері альянсы қалалық филиалымен бірігіп ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін жастар арасында насихаттау, олардың бойында патриоттық, елжандылық, азаматтық, ұлтжандылық сезімдерді дамыта түсу, Отан қорғаушылық борыштары құндылығын ұғындыру. Кешке Қызылорда қаласының белсенді жастар ұйымдарының мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің өкілдері қатысты.