ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде жасөспірімнің сөмкесін тартып алмақ болған әйел қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға 16 мамырда кешкілік сағат 20:40-тар шамасында болды. Аталмыш оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Онда әйел подьезге кірген жасөспірімнің сөмкесін тартып алуға әрекет жасайды. Дегенмен ол тәртіп сақшыларының қолына түсті.
«Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3 бөлігі және 191 бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.