ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде мас күйінде танысының басын таспен ұрып өлтірген 35 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол биылғы жылдың 28 наурызында Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде танысын кездестіріп, екеуі темір жол станциясының аумағында спирт ішімдігін ішкен.
«Әбден масайған ол танысынмен керісіп қалады. Сол маңда жатқан қатты жұмыр таспен жәбірленушінің басынан бірнеше мәрте ұрған. Мұның соңы адам өліміне алып келді. Ол оқиға орын алған жерден бой тасалап кеткен.
Аталмыш қылмыстық іс бойынша күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Дәуірбек Ұзақбаев.
Бұған дейін Қызылордада адам қағып өлтірген көлік жүргізушісінің сотталған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.