Қызылордада «Мектепке жол» шарасы аясында мыңға жуық балаға көмек көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Мектепке жол» шарасының аясында мыңға жуық балаға көмек көрсетілді.

Тұрмыстары төмен отбасыларының балаларына арналған бұл шараның шеңберінде алдымен 100 оқушыға киім-кешекпен қоса оқу құралдары таратылды. Бұлардан бөлек тағы 750 осындай балаға демеушілер мен ұстаздар көмегі арқылы жәрдем жасалды. Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған бұл акцияға 9 сауда үйі, 3 базар, 1 тігін цехы қатысты.