Қызылордада мемлекеттік қызметшілер мергендіктен сынға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мемлекеттік қызметшілер арасында облыс әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі спартакиада өтіп жатыр, - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Спартакиада аясында пневматикалық винтовкадан оқ ату жарысы мәреге жетті. Жарыстың бұл түрінен жоғары лигада облыстық ІІД командасы 84 ұпаймен бірінші орын алса, екінші орын 64 ұпай еншілеген 2019 әскери бөлім командасына бұйырды. Үшінші орынға 44 ұпайы бар облыстық білім басқармасының командасы лайық деп танылды.

Бірінші лигада облыс әкімі аппараты қызметкерлері мергендігімен (52 ұпай) танылып, бірінші орынға шықты, екінші орында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу (36 ұпай) басқармасы тұр. Үшінші орын 26 ұпай жиған мемлекеттік кірістер департаменті мамандарына бұйырды.