Өңірде мемлекеттік қызметшілердің 46 пайызы - нәзік жандар. Олардың қатарында 14 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері бар.
Қызылордалық 3 251 мемлекеттік қызметшінің 1 494-і - әйел азаматшалар.
Олардың 681-і жергілікті атқарушы органдарда, 813-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.
«Нәзік жанды әріптестеріміздің қатарында аймақтың дамуына елеулі еңбек ете жүріп, өнегелі ана, аяулы жар, үлгілі басшы атанып жүргені бар. Олар мемлекеттік қызметпен қатар үй жұмысы, бала тәрбиесіне көңіл бөліп, ел демографиясына үлес қосып келеді», - деді Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев.
Айта кету керек, Қызылорда облысында мемлекеттік қызметте 200 көпбалалы ана бар.
Сондай-ақ, басшы лауазымда 324 әйел еңбек етеді.