Қызылордада мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы пара алды деп айыпталып отыр
21:51, 02 Желтоқсан 2021
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу басқармасының бірқатар лауазымды шенеуніктері жемқорлық күдігіне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметке сенсек, аталған ведомствоның Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Олар Қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) бойынша күдікке ілінген.
Басқарма бастығы Ғалым Қайырбекұлы Едігеевтің кабинетінде тінту жүргізілген.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері аталған басшының үйін де егжей-тегжейлі тінтіген.
Ғалым Едігеев бұл қызметке 2020 жылдың 20 ақпанында тағайындалған болатын.