деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мейрамбек Шермағанбет жүргізді.
Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры директорының орынбасары Серік Ерғали мемлекеттік тілді оқыту бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында, этномәдени бірлестіктер мен қазақ тілі курстарының оқытушыларына шараның мақсат-мүддесін таныстырды.
Семинарға қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Асылбек Жұмабаев Елбасының ҚХА-ның ХV сессиясында айтқан сөздеріне байланысты өз пікірін білдірді. Семинар-тренингке қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайын саралады.
Жиын соңында Серік Ерғали ұлттық-мәдени орталық өкілдері мен оқытушыларға Президенттік қордың алғыс хаттарын тапсырды.