ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жол-көлік оқиғасынан кейін «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш жол-көлік оқиғасы облыс орталығындағы Ыбырай Алтынсарин және Амангелді көшелерінің қиылысында болған. Сол жерде «Lada Largus» маркалы автокөлігі мен «Mercedes-Benz» автокөлігі соқтығысып қалған. Нәтижесінде «Mercedes-Benz» автокөлігі өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша «Lada Largus»» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610- бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.