ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер жаппай тәртіпсіздік кезінде мерт болған сарбаздың өліміне қатысы бар азаматты ұстады, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласында 5 қаңтарда болған бүлік кезінде № 5547 әскери бөлімінің сарбазы ауыр жарақат алып, оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жараланды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15) тармағымен және 380-1-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде жас сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бүгінгі күні іс бойынша тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды», - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.