Қызылордада монша қазандығында болған жарылыстан бір адам өліп, екеуі жарақаттанды

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордадағы «Қыпшақ» атты жекеменшік моншаның қазандығында газ бен ауаның қосындысы жарылып, екі қабатты қазандықты қиратып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Жарылыс кезінде қазандықтың бетон төбесі құлаған, бірақ өрт болмаған. Апатты жағдайдың салдарын жоюға Қызылорда облыстық ТЖД-ның 21 қызметкері мен 5 техникасы және ҚР ТЖМ «ЮАРОСО» ММ-нің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Апаттан 31 жасар ер адам оқиға орнында көз жұмып, 48 және 38 жастағы екі ер адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.