Спартакиаданың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене дайындығын жетілдіріп, спортпен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Айта кетейік, аталмыш жарыс биыл үшінші жыл қатарынан өтуде.
Жалпы командалық және әр спорт түрінен анықталған жеңімпаз бен жүлдегер командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамота, естелік сыйлықтарымен марапатталады.