ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағында жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға аудандағы Шиелі-Тайқоңыр автожолының бойында орын алған. Мұнай таситын «КамАЗ» жүргізушісі көлікті басқара алмай, шұңқырға аударылған. Соның салдарынан 10 тонна мұнай 60 шаршы метр аумаққа жайылған. Алайда өрт оқиғасы тіркелген жоқ.
«Жүргізуші апат кезінде қайтыс болды. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.