Төтенше жағдай салдарынан 30 жастағы жүргізушінің көмекшісі оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар 49 жастағы жүргізуші мен 26 жастағы дәнекерші ауруханаға жеткізілді.
Оқиға кеше күндіз сағат 13:30-да орын алды.
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының Сәулет ықшамауданында «КамАЗ» мұнайтасымалдағышының 30 кубтық цистернасын дәнекерлеру барысында газ-ауалық қоспа жарылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.