Қызылордада науқастардың басым бөлігі КВИ-ді қарым-қатынас арқылы жұқтырған

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын қарым-қатынас арқылы жұқтырған науқастардың саны артып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте өңірде 5 адамның қатерлі індетке шалдыққаны анықталды. Олардың барлығы - Қызылорда қаласының тұрғындары.

«Науқастардың төртеуі қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Біреуі соматикалық ауруы бойынша профилактикалық тексеру кезінде анықталып отыр», -деп мәлім етті Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 101 адам қатерлі дертке шалдыққан. Олардың 54-і қарым-қатынас арқылы жұқтырса, ол 36 адамда скринингтік тексеру нәтижесінде нақтыланды. Сондай-ақ, 11 жағдайда еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтар арқылы сырттан тасымалданғаны белгілі болды.

Айта кетерлігі, Қызылордада коронавирусты негізінен орта жастағы кісілер жұқтырған.

Алаңдатарлығы, Қызылордада карантин талабын бұзып, той жасайтындар азаймай отыр.