Қызылордада «Нұр Отан» партиясының өкілдері көпшілікті келісімге шақырды

ЗЫЛОРДА. 3 тамыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында Рамазан айына байланысты дөңгелек үстел басында әңгіме өткізіліп,

онда сабырлылыққа, татулыққа, азаматтық келісімге үндейтін сөздер айтылды.

Жиынды филиал төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков жүргізіп отырды. Басқосуға жақында ғана Қазақстан мұсылмандары руханият басқармасының облыс бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы болып тағайындалған Талғат Омаров қатысты. Нәтижесінде жиынға қатысушылар жергілікті билік органдарын, салалар басшылары мен кәсіпкерлерді халыққа қалтқысыз қызмет етуге, өзара татулық пен сыйластық рухында тіршілік жасауға ықпал етуге шақырды.