Өткен жылы 1500-дей науқасқа ота жасалса, мамыр айында ашылған орталықта 6 айдың ішінде 2000-дай науқас ота жасалған. Алдағы кезеңдерде заманауи қондырғылардың көмегімен жаңашыл оталар жасалады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар, осы күні облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов облыстық медицина орталығының салтанатты шарасына қатысты. Шара барысында, орталық ұжымы облыс әкімінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Және бірқатар медицина қызметкерлері облыс әкімінің «Құрмет Грамотасымен», облыс әкімінің орынбасары және басқарма басшысының «Алғыс» хаттарын иеленді.