Қызылордада облысының әкімі мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада алғаш рет облыс әкімі мен облыстағы жастар қоғамдық бірлестіктері жетекшілерінің ашық әңгіме алаңында кездесуі өткізілді.

Кездесуге 20-ға жуық жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен 10-нан аса өнер, білім, спорт саласының жастары қатысты. Кездесуде жастар қоғамдық бірлестіктері жетекшілерінің ұсыныс-пікірлері мен сауалдары тыңдалды.

Кездесу облыс әкімі мен облыстың белсенді, жетекші жастары арасында ашық әңгіме алаңын орнатуға және жастар көкейіндегі мәселелерді білуге арналды.

Кездесу барысында жастар қоғамдық бірлестіктері жетекшілері тарапынан жастар қоғамдық бірлестіктерін бір орталыққа шоғырландыру, үстіміздегі жылы КТК ойыншылары арасында өткізілетін облыс әкімі кубогын республикалық деңгейде ұйымдастыру, жастар арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту, қала, аудан, ауылдық жерлерде жас қамқоршылар жасағының жұмысын жолға қою және оларға қолдау жасау, өңіріміздің өнерлі жастары арасында оларды іріктеу байқауларын ұйымдастыру, жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамту, «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасын облысымызда ұйымдастыру шараларына жастарды тарту, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуда туындайтын қиындықтар, жастардың жұмысқа орналасуында кездесетін кедергілер, студенттік емхана құрылысын салу мәселелері бойынша сауалдар мен ұсыныстар білдірілді.

Жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері қойған сауалдар мен ұсыныс-пікірлерді облыс әкімі мұқият тыңдап, жастар сауалдарына тиісті жауаптар берілді.

Кездесу соңында облыс әкімі бұл игі бастаманың берері мол екендігін айтып, алдағы уақытта жастар қоғамдық бірлестіктері жетекшілерімен тұрақты кездесуді жолға қоюды ұсынды, келесі кездесу нақты мәселе немесе тақырып аясында ұйымдастырылуы керектігі айтылды.