ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Жалағаш ауданында оқ атып, адам жарақаттаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Анықталғанындай, оқиға Жалағаш ауданының орталығында болған. Жас жігіт қаруды көше бойында қолданады.
«Аталған оқиғаға байланысты «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, толық және обьективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа дерек жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағандар ұсталған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.