ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада он жастағы ер бала каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға кеше, 24 мамырда сағат 18:12 шамасында болды. Облыс орталығындағы С. Асфандияров көшесінің аяқ тұсындағы каналға 2011 жылы дүниеге келген бала суға батып кетті.
«Аталған аумақта суға түсуге рұқсат етілмеген. Баланың денесін атасы судан шығарып алған. Оқиға орнына облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 6 қызметкері мен 2 техникасы барды», - деп мәлім етті аталған қызметтің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, Қызылорда трассасында 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті.
Бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кеткен. Бір адам көз жұмды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.