Қызылордада «Өңірлік геоақпараттық жүйе» жобасы қолға алынды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында цифрландыру саласында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жоба өткен жылдан тәжірибе негізінде енгізілді. Бұл цифрландыру саласында маңызды жобаның бірі саналады. Жоба жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы қызметтерін автоматтандыруға бағытталған.

«Жаңадан құрылған геопортал базасында «i-Orda» («i-Qala») порталының модулі бар. Онда техникалық шарттар беру, шарттар жасасу, қосу, пломбалау, есепке алу аспаптарын орнату және ауыстыруға өтінімдерді орындау секілді 74 қызмет түрі автоматтандырылады», - деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова.

Өңірлік геоақпараттық жүйеде облысқа қарасты 9 медициналық ұйымның «Медициналық куәландырудың электрондық жүйесі» енгізілді. Сондай-ақ, 7 стационарлық «Аркан» жылдамдық өлшегіші орнатылды.

Мемлекеттік органдардың бұлтты құжат айналымына көшуі бойынша да жұмыстар атқарылды. Бүгінде бұл айналымға 308 жергілікті атқарушы орган, 3554 пайдаланушы қосылған.

Еске салсақ, Қызылордада коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруде жоғары көрсеткішке қол жетті.