24 жылға жуық шығармашылық саласында жемісті еңбек еткен ол республикалық «Жас алаш», «Дала мен қала» газеттерінде тілші, облыстағы меншікті тілші, облыстық «Сыр бойы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында бөлім меңгерушісі, кейінгі екі жылда «Жаңақорған тынысы» газеті бас редакторының қызметін атқарды.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.