ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өрт оқиғасы салдарынан жыл басынан бері 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне қарағанда, үстіміздегі жылы 407 өрт оқиғасы болған. Салдарынан 10 адам көз жұмса, тағы 8-і әртүрлі деңгейдегі жарақат алған. Сондай-ақ, көмір қышқыл газына улану жағдайы да кездесті. Атап айтқанда, көмірқышқыл газына уланудың 4 дерегі тіркелсе, екеуінде табиғи газға улану тіркелген.
«12 адамға медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде 7-еуі бала. Осы келеңсіз жағдайлар азаматтардың тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын сақтамағандығынан болып отыр», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз маманы Айгүл Нұрманова.
Қазіргі таңда облыста қысқы мезгілде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» тұрақты түрде жүргізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.