Қызылордада өрт 39 жастағы ер адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - 17 ақпанда сағат 07. 54-те Қызылорда қаласының Нүрпейісов көшесінде орналасқан жекеменшік үй өртенді.

 Бұл туралы ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

 Өрт сағат 09. 49-да сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 16 адамнан тұратын жеке құрамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршыметрді құрады. Өрт болған жерде 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды.