Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Форумға Орталық Азияның 5 мемлекеті мен басқа да халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Мақсат - Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілететін жобаларды нақтылап, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау.
Форумның бірінші күні баяндамалар тыңдалса, екінші күні делегаттар Аралды тікұшақпен бағдарлап, теңіз тынысымен танысады. Басқосу аясында бірнеше жобалардың таныстырылымы өтеді. Атап айтқанда, Қамбаш көлінде ғылыми-туристік орталық ашу, сондай-ақ, Аралдың шығыс бөлігіндегі теңіз ұлтанына ағаш отырғызып, жасыл белдеу жасау жəне үшінші жоба - киік таралымын көбейтуге арналған питомникті іске қосу жобалары көпшілік назарына ұсынылады.