Қызылордада өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада бүгін, 21 қарашада сағат 17.43-те жеке тұрғын үй өртенді. Онда тұрғын үйдің едені отқа оранған.

«Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екінші адам оған қонаққа келген 1990 жылғы адам. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің мамандарының шақырылған жоқ. Алдына ала жасалған болжам бойынша негізгі себеп - отты абайсызда қолдану (темекі шегу)», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер техникамен барды.