«Қызылорда облысының климаттық жағдайы «Үнді қарасорасын» өсіруге қолайлы. Ішкі істер министрлігінен алынған ақпаратқа қарағанда, есірткілік құрамы бойынша үндістандық қарасора Шудағы жабайы қарасорадан бес есе асып түседі», - деп тоқталды депутат.
Оның сөзіне қарағанда, тек 2017 жылы Қызылорда облысында есірткі қылмысына қатысты 475 факті анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда, 120-ға артық. Ал 2012-2017 жылдар аралығында Қызылорда облысында анықталған есірткі плантациялары 84-ке дейін өсті.
«Статистикаға сүйенсек, тыйым салынған есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін сотталғандардың саны 2016-2017 жылдарда және биылғы үш айда 342-ге жетті. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 162, Қызылорда облысында - 104. Есірткілік заттардың таралуы мен оның салдары халықтың денсаулығына елеулі түрде қатер тудырады. Осыған байланысты қалыптасқан жағдайды ерекше бақылауға алуды сұраймыз», - деді Волков.