ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында отбасылық демалысқа барған әйел көлге суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылында болған.
Елді мекен жанындағы Ызакөл аумағына 50 жастағы әйел отбасылық демалысқа барған.
«Бұл жөніндегі хабарлама № 12 өрт сөндіру бөлімінің байланыс нөміріне түсті. Онда көлге суға шомылмақ болған әйел көлге батып кетіп, көз жұмғаны айтылған. Оның денесін тұрғындар шығарып алған», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылордада 14 жастағы жасөспірім каналға батып кеткен еді.
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тұратын 2007 жылы дүниеге келген жасөспірім арнайы белгіленбеген орында суға түсіп, көз жұмған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.