Қызылордада өткен аптада 7 көлік оқиғасынан 5 адам қаза тапты
11:18, 01 Қазан 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ -Қызылорда облысында өткен аптада 7 көлік оқиғасы болып, солардың салдарынан 5 адам қаза тапты.
Бұдан бөлек, тағы 5 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Апта ішінде 2 838 жол жүру ережесін бұзу оқиғасы тіркелді. Соның ішінде 16 жүргізуші автокөлікті спиртті ішімдік ішіп алып жүргізген. Сонымен бірге жол тәртібін өрескел бұзған 40 жүргізушінің көліктері айып алаңына қойылды.