Қызылордада өткен аптада бір жүргізуші қаза тауып, 5 адам дене жарақатын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында 1976 жылы туған азамат өзінің жеке «ГАЗель» автокө­лігін айдап келе жатып бір бағыттағы «Камаз» автокөлігінің тір­кемесіне соқтыққан. Нәтижесінде «ГАЗель» жүр­гізушісі оқиға болған жерде қайтыс болған.

Қаланың келесі тұрғыны өзінің жеке «ВАЗ-2109» автокөлігімен тоғыз жастағы баланы қағып кеткен. Нәтижесінде жаяу жүргінші жасөспірім әртүрлі дене жарақатын алып, облыстық медицина орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Облыс жолда­рында апта көле­мінде 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, 1 адам қай­тыс болды, 5 адам әртүрлі дене жа­рақатына ұшы­ра­ды.