Қызылордада өткен қала құрылысы кеңесі үш жобаны талқылады

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада өткен қала құрылысы кеңесі үш жобаның негізінде талқылау жүргізді.

Олардың қатарында облыс орталығындағы жаңадан салынатын «Астана» шағынауданы, Шиелі кентіндегі «Шығыс» шағынауданы және Арал ауданындағы Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс орны бар. Осы үш нысан бойынша жобалар мен эскиздерді Алматыдағы «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева ұсынды.

Талқылау барысында жобаларды жетілдіре түсу тілегінде бірқатар ұсыныстар айтылды.