Қызылордада өткен жәрмеңкеде 300-ден аса бос жұмыс орны ұсынылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен қалалық Жұмыспен қамту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға жұмыс беруші ретінде қаладағы 30 мекеме мен кәсіпорындар 140 жұмыс орнын, ал мемлекеттік органдар 137 бос орынды ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысуға әлеуметтік жұмыс орындарынан 5 мекемеден, қоғамдық жұмыстан 4 мекемеден, «жастар тәжірибесі» бойынша 5 мекемеден ұсыныс түсті.