Қызылордада өзен күніне орай шара ұйымдастырылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 наурыз. ҚазАқпарат /- Бүгін қызылордалықтар ерекше форматтағы шара ұйымдастырды.

14 наурыз - Халықаралық өзен күніне орай Сыр-анаға құрмет ретінде қаладағы Қорқыт ата мемориалы жанында жиналып, дария жағасын тазартып, қалыпқа келтірді.

Шараға ардагерлер бас болып, қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, жастар ұйымдарының өкілдері мен студенттер, тазалық жұмыстарымен айналысатын мекемелердің қызметкерлері қатысты.