ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бір күннен бері хабарсыз кеткен 14 және 16 жастағы жасөспірім қыздарға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығында тұратын Раушан Меңлібай мен Наргиз Жұбандық 1 маусымда қалалық демалыс орнына қыдырып кеткен. Содан үйлеріне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29 75 20 теелфонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жапан түзде жоғалған қойшы жігіт екі күннен кейін табылған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.