ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық құтқарушылар пәтерінде есінен танып құлап қалған тоқсан жастағы азаматшаны ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар саласы мамандарына қала тұрғынынан хабарлама келіптүсті. Онда «Мерей» шағын ауданындағы пәтердің бірінде 90 жастағы анасыныңесікті ашпай жатқанын айтқан.
«Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді. Қариятөртінші қабатта тұрады екен. Құтқарушылар бесінші қабаттан терезе арқылы үйішіне кіруге мәжбүр болды. Пәтер ішінде 1929 жылы дүниеге келген қарияның құлапжатқанын көрді. Қария тұруға мүмкіндігі болмай, кіре беріс есік алдына құлаптүскен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылып, қарт кісідәрігерлерге тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлардепартаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова ҚазАқпараттілшісіне.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада қонақ үйден өрт шыққанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.