Оны облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы комитеті ұйымдастырды.
Конкусқа облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласынан 100 оқытушы қатысты. Олар сахна төрінде патриоттық тақырыптағы және соғыс жылдарындағы әндерден шырқады. Нәтижесінде жекелеген орындаушылар арасында бас жүлдені Шиелі ауданындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы Дәурен Беркімбаев жеңіп алды. Вокалды топтар арасында Қазалы музыка мектебінің «Назқоңыр» ансамблі топ жарды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің арнайы жүлделері мен дипломдары табыс етілді.