деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған патронаттық тәрбиедегі 28 бала мен 27 патронаттық тәрбиеші, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, кәсіпкер әйелдер, баспасөз өкілдері қатысты.
Облыс әкімі айтып өткеніндей, өңірде 316 патронаттық тәрбиеленуші, 228 патронаттық тәрбиеші бар. Ата-ананың қамқорлығына зәру, олардың мейіріміне шөлдеген балаларға қамқор қолын созып, жүрек жылуын арнаған аналарға қандай құрмет көрсетілсе де артықтық етпейді. Патронаттық тәрбиеге алынған балаларға өнегелі тәрбие беру, келешекте оны жетілдіре түсу жолдары қарастырылуда.
Өткен жылы Қазақстанның ІV Азаматтық форумында «Үкіметтік емес ұйымдармен тиімді әріптестігі үшін» аталымы бойынша біздің облыс жеңімпаз деп танылды. Облыстың жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын 49 патронаттық тәрбиедегі студент жастардың ақылы бөлімдерде оқитын 31-іне мемлекеттік грант ұсынылды. Облыс әкімі сол жастарға мемлекеттік оқу грантын салтанатты түрде табыс етті.