ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада патрульдік полиция көлігі жол-көлік оқиғасы салдарынан талға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 5 желтоқсан күні сағат 00.30 шамасында Қызылорда қаласындағы Жеңіс және Панфилов көшелерінің қиылысында болған.
Апат кезінде «Audi» автокөлігінің жол ережесін бұзғаны анықталды.
Аталған машнина қызметтік «Toyota Corolla» автокөлігінің оң жақ есігінен соққан. Салдарынан патруль көлігі талға соғылған.
«Қазіргі таңда «Audi» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен хаттама рәсімделді. Автокөлік айыптұраққа қойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғыны есірткі жасырып жатқан жерінен полицияға ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.