ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығында күзетшіге қол көтерген екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға 22 тамыз күні болған. Сол күні Байқоңыр қаласында тұратын 32 жастағы жігіт медициналық орталыққа танысымен келеді. Оларға медбике мен күзетші кіру уақыты аяқталғанын түсіндіреді. Ескертуге құлақ аспаған олар медбике мен күзетшіге дөрекі сөйлейді. Күзетшіге қол көтеріп, оны ұрып-соққан.
«Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды, сараптамалар тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жоғалып кеткен 3 жасар сәби табылғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.