Қызылордада «ПетроҚазақстан» АҚ қызметкерін еске алуға арналған турнир болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының өмірден ерте кеткен қаржы қызметкері Қазбек Әбурвті еске түсіруге арналған шағын футболдан кезекті турнир болып өтті.

Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып отырған бұл бәсекеге 6 команда қатысты. Тартысты өткен додада алдыңғы үш орыннан көрінген «Достық», «Шұғыла» және «Сыр перзенті» ұжымдарына ақшалай-заттай сыйлықтар табыс етілді.