ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында полиция қызметкерінің киімін киген мекеме тазалық мекемесінің жұмысшысы жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында полиция қызметкерінің арнаулы киімін киіп алып, тазалық жұмыстарын атқарып жүрген жас жігіттің бейнежазбасы тараған болатын.
Осыған байланысты учаскелік полицейлер іздестіру жұмыстарын атқарды.
«Нәтижесінде 24 жастағы қала тұрғыны басқармаға жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Онда айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру жағдайы көрсетілген», -деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғынынан әскери қызметшілерге тиесілі қару-жарақ табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.