ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада патрульдік қызметтегі полицейлер мінген «Toyota Corolla» көлігі бетон қоршауына соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 24 қыркүйекте болды. Сол сәтте «Audi С4» маркалы автокөлігінің иесі басты жолда келе жатқан полиция көлігіне жол бермей соқтығысқан. Соның салдарынан патрульдік қызмет көлігі бетон қоршауына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша «Audi С4» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қызылордада жарық бағанасын соққан көлік жүргізушісі мерт болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.