Аяғынан жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабының 1 бөлімі, 192 бабының 2 бөлімі және 380 бабтың 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат қамаққа алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.