Қызылордада пошта бөлімшесінен өрт шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы №16 пошта бөлімшесінде өрт тұтанды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өрт 10 мамыр күні сағат 05.52-де қаланың «Шұғыла» шағын ауданындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан №16 пошта бөлімшесінде болған», - делінген хабарламада.

Өрт бөлімше офисінің 50 шаршы метр аумағын шарпыған. Жалын 16 сағат 15 минутта сөндірілген. Осыған байланысты іштен 14 адам шығарылған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімшесі жеке құрамының 10 адамы, 2 техника бірлігі қатысқан.